#Шу: «Жәми» мешітінде жақсылық жасалды

#Шу: «Жәми» мешітінде жақсылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қолы ашықтың жолы ашық дейді қазақ халқы.Онысы ғасырлар бойы ғұмырымызда ғұрыпқа айналған асыл дінімізден тамыр алатыны ақиқат. Мешіт тарапынан қайырымдылық жасау, аз да болса аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жүйелі түрде жолға қойылып келеді.

Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінде  қайырымдылық шарасы өткен болатын. Аталған шарада ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы, наиб имам  Мадияр Әбиқұл 4 адамға азық-түлік пакетін  табыстап, 1 адамға қосымша кілем сыйлады.

Сонымен қатар Шу ауданы Далақайнар ауылындағы мешітке су жылыту құрылғысы орнатылып, ауыл жастары 10 тонна көмір түсіріп көмек көрсетті.

Ал, Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбековтың дәнекер болуымен  ауыл тұрғыны 1 қой сойып, оның етін 7 отбасыға таратты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: