#Шу: Дін мен дәстүр айтылып, ихсан ілімі насихатталды

#Шу: Дін мен дәстүр айтылып, ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды деген. Таралуға лайықты сөз-уағыз екені белгілі. Бүгінгі таңда дін мен дәстүр ұғымын ұғындырып, ихсан ілімінің інжу-маржанын түсіндіру аса қажет. Осылар көкейдегі көп түйінді  тарқатып, көкірек көзді ашуға жәрдемдеседі.

Жуырда жиылған жамағатқа Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев аудандық «Жәми» мешітінде  «Дін мен дәстүр сабақтастығы» турасында уағыз айтып, дін мен дәстүр бір-біріне қайшы келмейтінін, қайта қабысып жататының жалпақ тілмен түсіндіріп, аят пен хадистерден мысал келтірді.

Сол секілді Шу ауданы "Төле би" мешітінде бас имам Талғат Сейткереев Ихсан ілімін насихаттап, мән-маңызын тарқатып берді.  Сөзі салмақты болу үшін қасиетті Құраннан және Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінен дәлелдер айтып, жұртшылықты  аталған ілімнен хабардар болуға шақырды.

Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: