#Талас ауданы: Қайырымдылық - ізгі іс

#Талас ауданы: Қайырымдылық - ізгі іс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақсылықта жарысқандарды жарылқайды Раббымыз. Қайырымдылық әрине қай уақытта болсын, қай заманда болсын ізгі істер санаттарында. Алла Тағаланың өзі осындай тек жақсылықта ғана жарысқан құлдарын жарылқайтынын өзінің кәләмі болған Құранда да, Құранның тілмашы болған ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) хадистері арқылы жеткізген.

Алла елшісі (с.ғ.с) өз хадисінде «Жер бетіндегілерге мейірімділік көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейірімділік көрсетеді» деген, міне осыған орай бір талай іс Талас жерінде атқарылуда. Мұқтаждың мұңын бөліскен істердің тізбегін ұсынудамыз. Аудандық "Қаратау Қажыби"мешітінің ұйымдастыруымен 1 қойдың еті 4 отбасыға үлестіріп берілді.

Сонымен қоса "Әбубәкір" мешітінің ұйымдастыруымен бірнеше әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ірі қара малдың еті, 300 кг ет таратылды. Алла қаласа игі шаралар осымен аяқталмай, өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Игі істерімізге Алла жар болғай!

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: