#Т.Рысқұлов: ИХСАН ІЛІМІ – ІЗГІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

#Т.Рысқұлов: ИХСАН ІЛІМІ – ІЗГІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы «Қасымбай ата» мешітінің имамы Әбілдаев Нұрқияс аудандағы Өрт сөндіру мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу «Ихсан ілімі – ізгілікке тәрбиелейді» атты тақырыпта өтті.

Нұрқияс имам кездесу барысында: Ихсан – Алланы көріп тұрғандай шынайы құлшылық ету, егер олай ете алмаса, Алла оны көріп тұрғанын сезіне отыра құлшылық жасау. Мұсылман өзін Алланың көріп те, естіп те тұрғанын біледі. Сондықтан Аллаға ұнамайтын нәрселерді тыңдамайды және қарамайды. Егер сен Исламның тірегі болған 5 парызыңа, иманыңның 6 негізіне амал етуді тек қана бір Аллаға ұнау үшін, бір Алла сені үнемі көріп тұрғандай жасамасаң, бәрі де бос әурешілік болып қалады. Алла сенің істеріңнен ғана емес, ойларыңнан, сезімдеріңнен хабардар. Ол ерніңнің қыбырлағанын да, иненің жасуындай-ақ кіп-кішкентай жәндіктің жыбырлағанын да біледі. Алла, тіпті, құмырсқалардың да аяқ сыбдырын естиді, көзге көрінбейтін ең әлсіз тіршілік иелерін де көреді, - деп айта кетті.

Мекеме қызметкерлері кездесуге келіп, уағыз айтқан имамға рақмет айтып ризалықтарын білдірді.

Түзелбеков Қуаныш

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: