Ислам-бейбітшілік діні. Жұмсақтыққа жұмылдырып, мейірімге баулиды. Адамзат үшін ас-судан бұрын бейбітшілік, тыныштық қажет. Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) қағбаға қарап тұрып: Алла осы елді қауіпсіз ет. Әрі өзіне иман келтіргендерге мол ризық бер деген дұғасы бар. Бұл дұға қасиетті Құранның "Бақара" сүресінде баяндалады.
Жуырда жоғарыда аталғандарды жалпақ жұртқа түсіндіру үшін Шоқпар ауылдық Мәдениет үйінде жүздесу ұйымдастырылған болатын. Жүздесуге ауылдық мешіттің имамы Данияр Табаев қатысып, экстремизмнің елдікке қаупі, терроризмнің тақсыретін түсіндіріп, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Дөңгелек үстелге қатысқан ауыл мектебінің ұстаздары мен оқушылары мол мағлұмат берген имамға алғыстарын білдіріп, асыл дініміздің діттеген мақсатына қанық болды.
Сондай-ақ осы күні Жайсан ауылындағы «Жаңабай баба» мешітінің имамы Қыдырбай Сисеновтың ұйытқы болуымен демеушілер бір отбасыға көмір түсіріп, қайырымдылық шарасы өткен болатын.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі