#Шу: Көлемді көмек жасалды

#Шу: Көлемді көмек жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт ісі - көпшіліктің көмегімен ілгері басады. Қандай шаруа атқарылмасын имамдар ұйытқы болып, жамағат жәрдем беріп бірлесіп жұмыс атқарады. Сондықтан ниеттес жандардың еңбегін  де ескерген жөн.

Ал, зекет беру мүлкі бар, қаржылай қоры бар адамдарға парыз екені белгілі. Оны түсіндіру  жолында да мешіт имамдары аянып қалған емес. Сол сияқты садақа  беруге үндеп, әлсіз топтарға әлеуметтік қолдау білдіріп келеді.

Жуырда Шу ауданы «Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков ауылдық мектепке бірігіп жұмыс атқарғаны үшін алғыс ретінде 1 кілем тарту етіп,  жылы лебізін жеткізді. Дәл сол күні ауыл азаматы 3 бас қойды зекет ретінде беріп, иелеріне табыстаған тұғын. Сонымен бірге бір азамат 1 қойдың етін 5 үйге таратып, тұрғындардың ризашылығына бөленді.

Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа қапысыз дайындық қажет. Отын-сумен  қамдану көп балалы, аз қамтылған отбасыларға оңай тимейді. Осының ретін тапқан Шу ауданы Ақсу ауылдық округі «Баласағұн» мешітінің имамы Байұзақ Жаманкеев 69 мың теңгеге сатып алғынған 3 тонна  көмірді 1 отбасыға түсіруге септігін тигізді. Көмек алған отбасы алғысын айтып, баталарын берді.

         Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: