Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында «Қайырымдылық екі дүние берекесі» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Жаны жомарт жанның демеулігімен бір жылқы сойылып, етін 12 бөлікке бөліп және үйге қажетті болған азық-түліктермен қосып, 12 мұқтаж отбасыға таратылды.
Аталған іс-шараны ұйымдастырған ауыл имамы Бақытжан Алимбеков мұқтаж отбасыларға өзі апарып таратып берді. Риза болған халықтың алғысын алып қайтты.
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі