#Талас: Талас ауданында кіші футболдан және волейболдан аудандық турнир өтті

#Талас: Талас ауданында кіші футболдан және волейболдан аудандық турнир өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жастар – қай қоғамның болмасын қозғаушы күші. Елдің ертеңі саналатын бүгінгі буынның дамуы мен қалыптасуында мемлекеттің айрықша қамқорлығын сезінуі қажет.

Міне, осы бағытта Қаратау қаласындағы Денешынықтыру — сауықтыру кешенінде Талас ауданы әкімдігінің спорт бөлімі және Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кіші футболдан тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай “Біз біргеміз” атты аудандық турнир өткізілді.

Ұйымдастырылған спорттық іс—шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев, қала әкімінің міндетін атқарушы Дархан Баймбетов және аудандық орталық мешіттің Бас имамы Жалғасбай Жұбатқанов шақырылды.

Аталған турнирге ауданға қарасты Ойық, Үшарал, Майтөбе, Тамды ауылдық округтерінен және Қаратау қаласынан Жамбыл облыстық білім басқармасының Талас аудандық білім бөлімі, Қаратау құрылыс техникалық колледжі және Қаратау бизнес колледжінің командалары аудан әкімінің кубогын сарапқа салды. Аталмыш додада бақтарын сынаған командалар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: