Алла Тағала қасиетті Құран аяттарында садақа жасап, зекет беру, міскіндерге көмек көрсету туралы көптеп баяндаған. Демек, бергеннің берекесі артып, ісі ілгерілейді. "Қайырым жасасаң қайырың көресін" деген бұрнағы бабалар.
Осыған Шу ауданы Бірлік ауылындағы мешіттің имамы Медет Жұматаев ауыл азаматтарын сауапты іске ұйыстырып, бірқатар қайырымдылық жұмыстарға себепкер болды. Атап айтқанда ауылдағы бір отбасыға 1 бас уақ мал зекет берілсе, мешіт жамағаты жұмылып жинаған 2000 теңге қаржыға ауылдың тазалығын қамтамасыз етіп жүрген еңбеккерлерге 20 бөлке нан таратылды. Көмектің көлемі емес, берілу ниеті маңызды деген. Бұл бір жағынан садақа беру үшін бай болудың қажеті жоқтығын білдіретін, жақсылыққа шақыратын амал екені сөзсіз. Сондықтан берушілерден болсақ, ырысымыз ортаймайтынын білуіміз керек.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі