Талас ауданы Бостандық ауылы "Төртбай ата" мешіті мен Ауыл ақсақалдары алқасының ұйымдастыруымен қарияларға құрмет көрсетілді.
Егеменді ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай ауылға елеулі еңбегі сіңген үлкен қариялары мен ақжаулықты апалардың үйлеріне арнайы зиярат жасап құттықтап, сый-сияпат жасады.
Имамдар мен алқа мүшелері қариялардың батасын алып, ғибратты әңгімесін тыңдап қуантып қайтты.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі