Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы «Айдарбек ата» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы барып, ауыл жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.
Жұма уағызы «Истиқама» жайында яғни дінге беріктік жайында болды, уағызды мұқият тыңдаған мешіт жамағаты бас имамға өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алып жатты.
Елде қалыптасқан ұлттық дәстүр мен ұстаным Ислам дінімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан, діни сауатсыздық қашанда жат қылықтарға жол беріп, халық арасында дүрбелең туғызады. Бөтен ағымдардың етек жаюына мүмкіндік бермей, елге жанашырлық танытып, жас ұрпақтың заманға сай озық білім алуына, мұсылмандық тәлім-тәрбиемен сусындауына әрбір азамат жауапты екенін ұмытпайық.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі