Қордай аудандық орталық мешітінде өңірдің бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағатқа кезекті көркем уағызын айтты.
"Тағдырға иман келтіру" тақырыбын кеңірек ашып, түсіндірген имам "Адам күнәлі істерді өзі жасай ма?", "Тағдырды өзгертуге бола ма?", "Тағдыр деген не?", "Алла тағдырға бағынуға мәжбүрлей ме, жоқ па?" деген көпшіліктің көкейкесті сауалдарына Құраннан, хадистер мысалдар келтіріп, анықтап айтып берді.
Ел арасындағы қате түсініктерге нақты дұрыс жауабын айтып, көпшілікке діни білім, рухани азық болар ақпараттар берді. Насихатты ұйып тыңдаған жамағат басқа да сұрақтарына жауап алып тарқасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі