Жамбыл: «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы жалғасуда

Жамбыл: «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен «Жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.

Арнайы ұйымдастырылған Аса ауылының кәсіпкері бір ірі қара мал сойып, және азық-түлік алынды. Аудандағы көпбалалы, жалғысбасты және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтитын қайырымдылық көмек 15 отбасыға үлестірілген болатын.

Жалпы төрт жүз мың теңге қаражат жұмсалды. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Іс-шара соңында көмек алған отбасылар аудан имамы мен аудан кәсіпкеріне  өз алғыстарын жаудырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: