Жақсылық жасау - адам жанын жылытатын, жүректі жібітіп, мейірімді арттыратын игі амал. Көпшілікті осы бір игілігімен қуантып жүрген өңір мешіттері әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға кезекті көмегін көрсетті.
Қордайда "Жетім көрсең, жебей жүр" атты қайырымдылық науқаны жасалды. Қордай ауданы Қақпатас ауылының имамы Жармаханбет Тәнекеевтің ұйымдастыруымен өткен шара аясында 10 отбасыға ет, азық-түлік жеткізілді.
Айта кетейік, қайырымдылық науқанына жалпы 160 000 теңге қаражат жұмсалды. Көмек алған отбасылар ауыл имамына алғыстарын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі