Өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Сонда да болса өрт оқиғалары көп орын алып отыр. Осыған орай, Қордай аудандық өрт сөндіру қызметкерлері орталық мешіттің жамағатымен кездесті.
Мамандар өрт болған жағдайдағы сақтық шаралары мен жаттығуларды көрсетті. "Өрт - тілсіз жау" дейді халық даналығында. Одан қорғану әрбірімізге міндет.
Өрт жағдайы орнағанда қалай әрекет жасау керек, қандай іс жеке бастың амандығын сақтай отырып, басқа кісілерге де зияндығын тигізбейді сынды техникалық анықтамалар түсіндірілді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі