Қордай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында футболдан турнир өтті. 1990-2005 аралығындағы жастар өзара бақ сынасқан спорттық дода тартысты әрі белсенділікке толы болуымен көпшіліктің есінде қалды.
"Шынықсаң шымыр боларсың" дейді дана халқымыз. Жүзден шүйрік шығып, алдыңғы қатарға оза шапқан топтар алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.
Атап айтсақ,
1999 жылғылар - 1 орын
1995 жылғылар - 2 орын
1990 жылғылар - 3 орын
Жүлдесін қанжығасына байлаған топтар қаржылай сыйлық алып, ерекше ойынды ұйымдастырған мешіт әкімшілігіне алғыстарын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі