#Қордай: Әлжан ана ауылының жамағаты Ғазиз Ахметпен жүздесті

#Қордай: Әлжан ана ауылының жамағаты Ғазиз Ахметпен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Әлжан ана ауылы "Құдайберген" мешітінің жамағаты РАНТ мүшесі Ғазиз Ахметпен жүздесті. "Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік" тақырыбында өрбіген сүбелі уағыз көпшілікті өзіне ұйытып, жүректерге бойлады.

Білікті маман қасиетті Құранның аятынан, пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өсиеті болған хадистерінен  мысалдар келтіріп, көркем насихатты дәйекті дәлелдерімен қуаттады.

Пайғамбарға деген сүйіспеншілік қандай болуы керек, Оны жақсы көру, бұл жүректік амалдың ақыреттегі күйі түсіндірілді. Кездесу соңында көпшіліктің сұрақтарына жауаптар берілді. 

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: