Медресе-колледж студенттері арасында білім сайысы өтті

Медресе-колледж студенттері арасында білім сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде курсаралық (сарф пәнінен) араб тілі грамматикасынан жарыс өтті. Жарыс жүйесі жазбаша әрі логикалық сұрақтармен беріліп, өз кезегінде студенттерді қызықтырмай қоймады.

Жарысқа медресе-колледж студенттері толық қатысып, жүлделі орынға лайықтыларды ұстаздар анықтап, медресе-колледж директоры Сакен Сейдикаримов 1-орын иесі, 3-курс студенті Сержан Еспанов пен 2-орынды иеленген 1-курс студенттері Бақдәулет пен Мейірбекті арнайы құттықтап "бағындырар белестерің көп болсын" деп батасын беріп, қаржылай сый тарту етті.

Сондай-ақ оқу орнының директоры қызықты да, тартысты жарысты ұйымдастырған Нұрсұлтан ұстазға да алғысын білдірді. 

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: