Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылы «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінде Мәуліт мерекесі өтті.
Адамзатты қараңғылықтан жарыққа шығарған Алла елшісі Мұхаммедтің (с.а.с) өмір тарихы жайында Аудан имамы Р.Еспенбетов жиналған жамағаттарға уағыз-насихат айтты.
Пайғамбарымызға көптеген салауаттар мен арнайы мәуліт жыры оқылып, рухына құран бағышталды. Мәуліт соңында мерекелік дастарханнан дәм ауыз тиіп, дұға жасап тарқасты.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

