«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бақытұлы Нұралы Мойынқұм ауданы «Мойынқұм» мешітінің жамағатына уағыз-насихат айтты.
Қасиетті жұма күні жұмаға жиналған жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) қадір-қасиеті жөнінде уағыз–насихат айтып, кешкі құптан намазына жиналған жамағатқа Алланың ұлылығы жайында сөз қозғады.
Уағыздың соңында жамағат ұстазға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі