Меркі ауданына қарасты №9 жалпы орта білім беретін мектебінде рухани іс-шара болып өтті. Іс-шараға арнайы шақырылғын «Сыпатай» мешітінің имамы Абдуманап Дулат Талғатұлы білім алушыларға арнаған өз сөзінде:
«Қазіргі заманғы ислам және діни сауаттылықты арттыру мәселесі туралы бастады. «Ислам - адамның бойындағы тамаша адами қасиеттерді қамтитын ерекше дін. Ислам жеке тұлға мен қоғамның жамандықтардан арылып, бейбітшілік пен тыныштықты сақтайтын өмірді ұсынады. Бүгінгі сөзіміз «Ихсан ілімі» туралы болады.
Ихсан сөзі жақсылыққа жеткізу, жақсылық жасау, бір нәрсені соңына дейін орындау, тиянақтылық, шынайылық деген сынды мағынаны білдіреді. Ал шариғатта «амалдарды Алла көріп тұрғандай сезімде орындау» дегенге саяды.
"Қазақ халқының кемеңгері Абай Құнанбаев ақын ғана емес, ол – Ислам дінін терең түсінген ғалым болған десек артық айтқандық емес. Құнанбайұлы Ибраһим – адамзаттың алтын қорына қазақ елінің атынан өз үлесін қосқан ғұлама. «Отанды сүю - иманнан» деп, елін-жерін шын қастерлеген отаншыл кемеңгер. Халқының рухани өсуін армандап өткен, ол қайтсем кемшілігін түзеймін деп жұртын адал еңбекке, ғылым-білім үйренуге үндеді. Өз еңбектерінде Абай, Ислам этикасы, ақидасы және метафизикасы сияқты терең мәселелерді зерттеп зерделеген. Кемеңгер дүниетанымына жататын этика саласындағы адалдықты, парасаттылықты, отансүйгіштікті, адамгершілікті, ғылымға деген құштарлықты, сенім мен әдеп мәселелерін салалап айтуға болады. Қоғамдық ортада мұсылман адам тек жақсылықтың жаршысы болуы тиіс. Ол үшін мұсылман адам жақсылық жасаудың әрдайым алдыңғы легінде көрінуі керек. Шешен тілімен, бипаз жүрісімен, көркем қылығымен, атымтай жомарттығымен, асқан мейірімділігімен, өзінен көрі өзгенің қамын жейтін зиялылығымен дінді паш ете білуі қажет. Нағында, мұны дінімізде ихсан ілімі дейді. Ихсан ілімінсіз дін ешқашан толық бола алмайды. Ихсан ілімі игерілсе, шын мәніндегі мұсылманшылдық салтанат құрар еді», - деп сөзін аяқтады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі