Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің жанынан құрылған «әйел-қыздар» секторының аудан бойынша жауапты маманы Жайна Бекназарова арнайы әйел-қыздарға арнап уағыз айтты.
Жиында мешіт ұстазы «Әйел үйдің берекесі» деген тақырыпты кеңінен қозғады. Мұқият тыңдаған жамағат ұстазға сұрақтарын қойып, жауап алды.
"«Әйел — үйдің көркі, еркек — түздің көркі» демекші, шаңырақтың шаттығы мен берекесі әйелдің қолында. Әйел үйдің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, бүкіл отбасының жағдайын жасайтын адам. Күйеуінің табысын құрап, оны қолдап, үйін көркейтіп, басын төрге сүйреп жүрген әйелдер аз емес. Дегенмен әйелдер әртүрлі болады. Жақсы әйел — жақсы мінезімен ғана жақсы атанады деп, назарларыңызға жақсы әйел, сүйікті жар болудағы ұстанатын ережелерді ұсынамыз" - деді ұстаз өз насихатында.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі