Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінің жанында жаңадан ашылған мешіт асханасында Мәуліт дастарханы жайылды.
Мәуліт – араб сөзі, қазақша "туған күн" деген мағына береді. Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, Адамның (ғ.с.) Иса (ғ.с.) пайғамбарға дейінгі Алла тағала елшілерінің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне ол айға осы атау берілген.
Мәуліт мерекесінде Қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады. Қасиетті мәуліт күнінде жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар жасауға болады. Бұл мереке кезінде шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің орын алмауы шарт. Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар барлық іс жақсы амалға жатады. Құранда: "Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік" деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге аяқ басып, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі