Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек жұма намазын өткізген болатын. Облыстың найб имамы аудан мешітінің жамағатымен кездесті.
Жұма уағызы «Дінге беріктік (истиқама) деген тақырыпта кеңінен насихат айтылды.
"Пенденің Жаратушысын танып, ақиқатты мойындап, тура жолға түсуі – Алла Тағаланың ол үшін берген ең үлкен нығметі. Алайда, адам баласының табиғатында әлсіреу, өзгеру сынды сипаттар бар. Осы себепті кей адамдар өзіндік ұстанымынан ауытқып, орындап жүрген құлшылықтарына енжарлық танытып, тастап қойып жатады. Бұлай істеу – қанша уақыт қиналып үй тұрғызып, кейін оны бұзып тастаудың мысалына ұқсас. «Расында: «Раббымыз Алла» деп, сосын туралықты ұстанғандар, оларға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар және қайғырмаңдар! Сендерге уәде етілген жәннат арқылы қуанышқа бөленіңдер», – дейді», – деп атап өтті облыс наиб имамы.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі