#Жамбыл: «Қайырымдылық жасасаң – қайырың өзің көресін»

#Жамбыл: «Қайырымдылық жасасаң – қайырың өзің көресін»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің имамы Сәбит Естековтің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары мен ауыл кәсіпкерлері ауылдағы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнап, «қайырымдылық жасасаң – қайырың өзің көресін» атты акция аясында қайырымдылық көмек үлестірілді. Азық-түлік ретінде таратылған қайырымдылық көмек 20 отбасыны қамтыды. Жалпы жұмсалған қаражат - 430 мың теңге.

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық - адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: