Қордай ауданында қоғамдық кеңес мүшелерінің мәжілісі өтті. Шараға ауданның белсенді ақсақалдары, Қоғамдық кеңес ұйымының төрағасы Әбдібек Сейілханов, Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Сортөбе, Масаншы, Ауқатты ауылдарының әкімдері мен мектеп директорлары, орынбасарлары және Сортөбе ауылдық мешітінің имамдары қатысты.
Айтулы бас қосудың басты мақсаты - ел ішіндегі ауызбіршілік, ұлтаралық татуластық, тіл мәселелерінде болып жатқан түйіткілдердің түйінін тарқатып, нақты шешімдер ұсыну болатын.
Көпшілік өңірде болып жатқан қоғамдық оқиғаларды, пікірлерді ортаға салып, ақыл мен парасат, шариғат тұрғысында шешімдерін қарастырды.
Жиында айтылған сөз бен таразыға салынған ой қорытындысы жасалып, ұсыныстар бекітілді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

