Қордай ауданында "Қайырымдылық- екі дүние берекесі" атты науқан өтті. Игі шара аясында 10 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Аталған көмекті мешіт имамдары отбасыларға үйді-үйге жеткізіп берді.
Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен.Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда,Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» - деп баяндалады.
Осы бір қайырымдылық жасауды өзіне мақсат еткен аудан мешіттерінде мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жәрдем беру әлі де жалғасын таппақ.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

