#Қордай: Ауданның бас имамы Сортөбе жамағатына уағыз жүргізді

#Қордай: Ауданның бас имамы Сортөбе жамағатына уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанов Сортөбе ауылы "Хамед бен Бадый" мешітінің жамағатымен жүздесті.

Көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап бере отырып, бас имам ихсан іліміне қатысты "Нәпсі тәрбиесі" жайында әсерлі уағыз жүргізді.

Ұйып тыңдаған жамағатқа нәпсіні қалай тәрбиелейміз, нәпсі не қалайды, сахабалар нәпсімен қалай күрескен сынды толыққанды, жан-жақты мағұлматтар берілді.

"Адамдардың нәпсісін тәрбиелеп, оны тазарту – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген төл уәзипаларының бірі. Құранда Алла Тағала: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға: Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді» («Жұма» сүресі, 2-аят) деген," - деп бас имам аят, хадистермен мысал келтіріп, насихатты жамағаттың жүрегіне жеткізді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: