Тараз қаласы «Әл-Фирдаус» мешіті имамы Кенжемолдаев Алмас пен аталмыш мешіт жамағаты жетімдер үйіне қолдау көрсетті. Көмек ретінде үйді паналап отырған жетім балаларға тәттілер мен азық-түліктер алып беріп, жетімдер үйін электро-пешпен қамтамасыз етті.
Алла Тағала Құранда Дұха сүресінің тоғызыншы аятында: «Ал енді жетімді (көрсең) жәбірлеме!» деп бұйырады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Кімде-кім бір жетімнің басын Алла разылығы үшін сипаса, қолының тиген әр қылы санындай сауап алады» дейді. Алайда жетім басын сипап сауап алуды ниеттенген жамағат еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты жетімдер үйіне кіре алған жоқ. Көңілі жарты балаларды алып келген сыйларымен ғана қуанта білді. Суреттерде кішкентай бүлдіршіндеріміздің болашағы үшін олардың жүздерін көрсетпедік!
Егизбаев Алмуханбет
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

