#Шу: Үш ауылда мәуліт оқылды

#Шу: Үш ауылда мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүкіл әлемге рахмет ретінде жіберілген соңғы Пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  туған мезгілді мұсылмандар мәуліт деп атайды.  Ал, бізге барлық амалды толыққанды үйретіп, кемел дінді аманаттаған абзал жанды ардақтап, оның өмірбаянын барынша білуіміз баршамызға қажет.  Осы орайда Шу ауданында мәуліт оқу жалғасын табуда.

Әуелі Шу ауданы «Амангелді» мешітінің имамы Әбубәкір Абдрайымов жергілікті жамағатпен мәуліт оқып,   Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан мысал келтірді.  Осы айда атқарылуы абзал амал туралы әңгімелеп, көпшілікке насихат жасады.

Сонымен қатар Бірлік ауылында жамағаттың жұмылуымен  мәуліт оқылып, Пайғамбарымыздың өмірбаяны айтылып, өсиет айтылды.  Мешіт имамы Медет Жұматаев дастархан басында уағыз айтып, көпшілікпен дұға қылды.

Ал, Жиенбет ауылдық «Жиенбет-Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков ауыл әкімі  А.Диханбаевтың,  ақсақалдар төрағасы Н.Қоңырбаевтың, ауыл тұрғындарының басын қосып өз отбасының атынан дастархан жайып, жамағатпен мәуліт оқыды.  Жиналғандар разы болып, алдағы уақытта үлкен Мәуліт оқуға ниет жасасты.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: