#Шу: Еңбек етушілерге сыйлық берілді

#Шу: Еңбек етушілерге сыйлық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Расулуллаһ (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) еңбекті ету жақсы көріп, жалқаулыққа жаны қас болатын.  Қайыр сұрап отырған жанға қолына балта алып, отын шауып,соны сатуды бұйырғаны туралы хадис бізге жеткен.

Мәуліт құрметіне Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмыс істеп, ауыл тазалығына үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге Мәуліт маңызы туралы уағыз айтып,  еңбектеріне алғыс ретінде  сыйлықтар тапсырған болатын.

Жалпы 40 мың теңгеге қайырымдылық жасалып, жұмысшы жандардың көңілдері серпіліп қалды.  Олар осы шараға ризашылық білдіріп, мәуліт жөнінде мағлұмат алып қайтты.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: