#Шу: Аудандық мешітте мәуліт оқылды

#Шу: Аудандық мешітте мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иісі мұсылман адам әуелі Алланы танып, сосын Алланы танытқан адамды тануы қажет. Оның бұйырғанына бағынып, тиымдарына құлақ асу керек.  Оның мүбәрәк есімін естігенде салауат айтып, оны ата-анадан, туған-туыстан артық жақсы көріп, хадистеріне амал ету керек.  Өйткені ол ғаламның нұры, Пайғамбарлар мөрі, соңғы Расул, адамзаттың ардақты асыл тәжі Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Ол туралы қасиетті Құран Кәрімде баяндалып, бізге мәлім болған.

Апта басында Шу аудандық «Жәми» мешітінде  ауданның бас имамы Бахтияр Әміреевтің ұйымдастыруымен  жамағатқа дастархан жайылып, мәуліт жыры оқылды. 

Жиын барысында Бахтияр Амантайұлы сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.с) артықшылығы, ерекшелігі, адами қасиеті, мінезі, тұрмысы туралы насихат жасап, әсерлі уағызбен бөлісті. Жиналғандардың сұрақтарына жауап қайырып, Құран аяттарын оқып, көпшілікпен дұға қылынды.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: