#Шу: Ізгі айдағы ізетті амал

#Шу: Ізгі айдағы ізетті амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметін ізгі іс істеуге ынталандырып, жақсылық жасауды насихат еткенін баршамыз жақсы білеміз. Рабиғуль әууәл айының құрметіне көптеген сауапты амалдар жасалып жатқаны бізді қуантады.  Сондай істердің бір парасы Шу ауданында өткен болатын.

Шу ауданы Шоқпар ауылдық мешітінің имамы Данияр Табаев ауылдағы аз қамтылған отбасыға бір кілем сыйласа, Белбасар ауылының «Хати Сауранбай» мешітінің имамы Бақытжан Тілемісов мешіт тазалығымен тұрақты түрде айналысып жүрген азаматшаларға сыйлық ретінде бір-бір кілемнен үлестірген болатын.  Сол секілді «Баласағұн» мешітінің имамы Байұзақ Жаманкеев демеушілер берген 1 қойдың етін 7 отбасыға үлестіріп, ауылдықтардың ақ батасына бөленді.

Қаладағы «Кәрібай молда» мешітінің имамы Нұржан Қалиев көпбалалы жалғызбасты анаға азық-түлік түрінде көмек ұйымдастырып, 150 мың теңге қаржы жұмсады.  Бірлікүстем ауылдық мешітінде де қайырымдылық шарасы өтіп, еліміздің іргелі діни оқу орнында оқитын студенттің отау құруына байланысты құтты болсын деп 20000 теңге мен 1 кілем сыйлыққа берілген болатын.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: