Ардақты Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірге келген айында еліміз бойынша мешіттерде көпшілікпен мәуліт оқып, дастархан басында жиналу үрдіске айналған. Мұндай жиындарда ынтымақ артып, жамағат аз да болса сүйікті Пайғамбарымыз туралы ақпарат алады.
Жуырда Шу ауданы «Қонаев» ауылдық мешітінде де жамағат жиналып, Расулуллаһ (с.а.с) құрметіне мәуліт оқылды. Мешіт имамы Ердәулет Құлыбектың ұйымдастыруымен өткен шарада Алла Елшісінің өмірбаяны айтылып, өнегесі таратылды. Көпшілікпен салауаттар айтылып, артынан Құран аяттары оқылып, көпшілік батаға қол жайды. Жиын соңынан жиналғандарға ас беріліп, тақырып турасында уағыз айтылды.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

