Жастар- тамырына су құюды қажет ететін дарақ секілді. Оларды түзеп, күтіп, баптап, суарып отыру қажет. Болашағы бүгіннен басталатын болғандықтан ерте бастан ақыл-кеңес айтып, бағыт-бағдар берген жөн. Сондықтан дін тұрғысында сұрақтарға жауап беру үшін кездесулердің көптеп ұйымдастырылғаны жөн.
Осындай кездесудің бірі Шу аудандық білім бөлімінің Еңбекші орта мектебінде өткен болатын. Оған осы ауылдық мешіттің бас имамы Данияр Исаков қатысып «Терроризм және оның зардаптары» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен тілдесті. Кездесу барысында Данияр Жолдасбайұлы оқушыларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шәкірттердің толғандырған сұрақтарына, салмақты жауап қайтарды.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

