Жамбыл ауданы орталық Жастар орталығында Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай жастарға «Дін және дәстүр» деген тақырыпта насихат жұмыстарын жүргізді.
Жастардың сұрақтарына ауыл имамы тарапынан мардымды жауаптар да берілді.
"Ертеде салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарғаны белгілі сондықтан да оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Өйткені, дін адамдары қашанда бейбітшілік, әділдік, имандылық туын көтерушілер қатарынан табылуы тиіс. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Екеуі егіз тақырып десек те болғандай" - дейді имам.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

