Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар шам намазына келген жамағатқа «Тағдырға иман» деген тақырыпта кеңінен уағыз айтты.
"Иман шарттарының соңғысы – тағдырға иман келтіру болып табылады. Тағдыр – араб тіліндегі «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» дегенді мағынаны білдіреді. Ал, шариғаттық термин бойынша, Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз" - дейді имам насихатында.
Уағыз соңында ауыл имамы мешіт жамағаттарының сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

