Медресе шәкірттері арасында спорттық сайыс жасалды

Медресе шәкірттері арасында спорттық сайыс жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім).

Сүннет бойынша амал етуді құп көретін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде курсаралық футбол додасы өтті. Студенттерге салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық шарада топпен бірге жарып шыққан үздіктерге сыйлықтар тарту етілді.

Бақ сынасқан топтар арасынан жарқ етіп, жүлделі орынға ие болған 2-курс студенттері үлкен кубокты қанжығаларына байлады. Игі шараны күздің соңғы жылы-шырайлы күнінде ұйымдастырған медресе ұстаздарына шәкірттер дән риза. Білім ала жүріп денсаулық пен салауатты өмір салтына мән беру - зейінді арттыру, миды тынықтырудың басты қағидасы емес пе?!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: