Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітіне арнайы іс-сапармен барды. Мешіт жамағатымен кездесуде ауданның бас имамы мешіт жамағатына мешіт тәртібі мен әдептерін түсіндірді.
Кейінгі кезде осы мешіт әдептеріне бей-жай қарауымыздың салдарынан кейбір міндетті нәрселер аяқ асты етілуде. Мешітке келушілердің, соның ішінде неке қидырушылардың киген киімдері көбіне мешіт әдептеріне мүлдем қайшы келіп жатады. Яғни, көпшілікке белгілі болған нәрсе адам әдетте белгілі бір кездесуге немесе көпшілік жиналатын орынға, әсіресе сол кездесу, не отырыс оның жүрегінде елеулі орын алған бір құрметті кісімен болатын болса, онда ол ондай жерлерге бару үшін мүмкіндігінше әдемеленіп, алдын ала дайындық жасайды.
Сол секілді мұсылмандар парыздарын өтеу үшін Алланың үйіне жиналып, алдын ала дайындық жасап, тазаланып, әдемі киімдерін киіп, жұпар иісті сеуіп бару керек. Бас имамның түсіндірмесінен кейін мешіт жамағаты бұл әдеп-тәртіптерді құптап, өз сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

