Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен аудандағы көпбалалы отбасыларға «Жылулық сыйла» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетілді.
Азық-түлік ретінде жасалынған қайырымдылық көмек 6 отбасына үлестірілді. Көмек берілген отбасылар өз алғыстарын айтып, мешіт ұжымына бірлік пен береке тіледі. Әрине, қайырымдылық – қайырлы іс екені осыдан-ақ белгілі емес пе! Шындығында, адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

