«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, мұқтаж жандардың жанашыр қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі – жабырқаған жандарға жақсылық жасап, қамқорлық көрсету болып табылады. Осы орайда "Қаратау Қажыби" орталық мешітінің ұйымдастыруымен 3 отбасыға азық-түліктей және 3 отбасыға қаржылай қайырымдылық жасалды. Аталған шараға жұмсалған қаражат жалпы 160 000 теңгені құрады.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

