Бауыржан Момышұлы ауылы «Несібелі» мейрамханасында Мәуліт аталып өтті. Мәуліт кешіне Жуалы аудан бас имамы Асхат Аманжолұлы Акмамбетов, «Жуалы» мешітінің имамы Сейітқазы қажы Әбдірұлы Медетбек және жақын маңдағы ауыл имамдарымен бірге жамағаттар қатысты.
Мәуліт кешінде Құран оқылып, адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айына орай Мәулітті Сейітқазы қажы Әбдірұлы оқыды. Келген имамдар уағыз айтып, қариялар ақ батасын беріп дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

