Меркі ауданының жаңа бас имамы Булгаков Қанат Талғатұлы өз ісін жамағтпен танысумен бастады. Мешіт ішіне кішігірім дастархан жайылып, намазға келген жамағаттарға құрмет көрсетіп, бас имам өзін таныстырып, қайдан келгенін, қай жерде өскенін, қандай қызметтер атқарғанын баяндап берді. Бас имам жиналған жамағатқа:
«Осы қызметте қолдау көрсетесіздер деп ойлаймын, өйткені бұл дін баршамызға аманат. Бұл аманаттан ертең баршамыз сұраламыз. Бұл дінге қызмет ету тек қана имам-молдалардың міндеті емес. Барша мұсылманның міндеті. Осы қызмет жолында бір болайық, бір-бірімізді қолдап, қорғап қызмет етпесек, істеген ісімізде береке болмайды» - деп сөзін аяқтады.
Жиын соңында елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілеп тарқасты.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

