#Меркі ауданы: Қасапханаға тексеру жасалды

#Меркі ауданы: Қасапханаға тексеру жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәһл бин Абдулла Тустари: «Құтылу үш қасиетпен: адал ас, парыздарды өтеу және пайғамбар жолымен жүру», - деген екен. Демек, адал ас құлшылыққа, адамның кемелденуіне ықпалы зор.

Осы мақсатта Меркі ауданының бас имамы Қанат Талғатұлы Меркі ауылындағы орталық қасапханаға зерделеу жұмысын жүргізді.

Бас имам қасапханада қызмет атқаратын қасапшыларға:

«Малды бауыздауға қатысты басты талаптың бірі ретінде, Шаддад ибн Аус (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Ақиқатында, Алла Тағала әр істі жақсы деңгейде атқаруға бұйырған. Егер өлтіру (керек болса) жақсы (оңтайлы, дұрыс) тәсілмен өлтіріңдер. Ал, мал соятын болсаңдар жақсылап бауыздаңдар. Пышақ жүзін өткірлеп, сойылатын малды азаптан құтқарыңдар», - деп көрсетілген. Бұл барлық істі мейірімділікпен әрі ең жоғары деңгейде жасау керектігін білдіреді.

Малды құбылаға қаратып сою абзал. Төрт түлік малды электр тогымен құлатып барып, бауыздау әдістерін естіп-көріп жүрміз. Ең сорақысы, малдың маңдайынан ауыр темір затпен ұрып барып, соятындар да кездеседі. Бұл малды қинау, азаптау болып табылады. Мұндайды шариғатымыз қатаң тиым салады. Ондай малдың еті арам, өлексе болып қалады. Ауыр соққы тиіп өлуге айналған малдың қаны етіне тарайды. Ондай ет адам ағзасына зиян және ауру қоздырғыш бактериялардың жылдам көбейіп кетуіне себеп болады.

Ең маңызды мәселенің бірі – малды «бисмиллаһ» айтып бауыздау. Құран Кәрімде: «Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам», -деп («Анғам» сүресі, 145-аят) ескертілген. Сирияның бір топ дәрігерлері «бисмилла» айтудың малға қандай пайдасы барын анықтау үшін зерттеу жүргізген. Үш жыл бойы «бисмилла» айтып бауыздалған және жай бауыздалған қара мал, қой және құс еттерін зерттейді. «Бисмилла Аллаһу Акбар» айтылмай сойылған ет жасушалары бактерияға толып кеткен. Ал «бисмилла» айтылған мал етінде бактериядан таза және зарарсыздандырылған күйде болған. Мұндай еттің жасушасы таза болып шыққан. Бабаларымыз: «Ауру астан» деуінің сыры да осында болмақ. Демек, астың адалдығы имандылық, денсаулық һәм салауатты өмір салтының басты шарты болып табылады», - деп Ислам талаптарын сақтауды бұйырды.

Меркі ауданы, «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: