#Меркі ауданында Мәуліт оқылды

#Меркі ауданында Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт оқыту – сан ғасырдан бері бабаларымыз дәстүрге айналдырған арда құндылықтарымыздың бірі.

Меркі ауданы, Сыпатай ауылына жаңадан тағайындалған имам Абдуманап Дулат Талғатұлы өз ісін жамағатты жинап мәуліт оқумен бастады. Іс-шара барысында өзін таныстырып, жиналған халыққа пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын айтып, мәуліттің шығу тарихы мен пайғамбарымызға (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат жайлы уағыз айтты.

Мәуліт соңында имам еліміз бен жерімізге тыныштық, ел халқымызға береке-бірлік тілеп арнайы дұға жасады. 

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: