Көпшілікке мәлім, қасиетті Ислам дініміз әрқашан да адамзатты тазалыққа шақырады. Өйткені, тазалық - иманның жартысы және денсаулық кепілі. Сонымен қатар, өзіміз тіршілік кешіп жатқан ортаны абаттандыруға, алыстан көз тартатындай етуге, жүрегімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Міне, осыны жете түсінгендіктен де болар, Қанат Талғатұлы басқаратын Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің қызметкерлері бұл маңызды мәселеге әрдайым ерекше көңіл бөліп, назарда ұстайды.
Мешіт ауласындағы жеміс ағаштары келер жылы жақсы жеміс беруі үшін, артық шыбықтары қырқылып тасталды. Сонымен қатар гүлшоқтары да қырқылып, түптері жер астына көмілді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

