Жуалы ауданы Ақтөбе округіне қарасты Жаңаталап ауылдық «Жаңаталап» мешітінде ауыл әкімі Көбейсін Хайралапов және ауыл жамағаты Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпекті қарсы алды. Келген қонақ Ғалымбек Төлегенұлы жұма намазына жамағатқа «Әділ істің арты игі» тақырыбында уағыз айтты. Мұсылман адамның бойында көрініс табуы қажет болған маңызды сипаттардың бірі – әділдік.
«Ақиқатында, Алла әділдікті, ихсанды (игі істер істеуді) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондай-ақ арсыздықтан, қарсылықтан (жамандық атаулыдан) һәм зиян келтіруден тыяды», – деп айтқанын тілге тиек етті.
Алла Тағала баршамызға екі дүние жақсылығы мен берекетін нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

