Меркі ауданы орталық әкімшілігінің жиналыс залында дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Шәмшіхан Нұрсұлтанның жүргізуімен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Меркі ауданы имам-молдаларымен семинар кездесу өтті.
Шәмшіхан Нұрсұлтан сөз сөйлеп, теріс ағымның белгілері, ақида саласындағы қателіктері жайында дәріс жүргізді.
Қазіргі таңда халық арасында белең алып, кең таралып жатқан теріс ағым ұстанушыларының "Құранды тура мағынада түсіну" түсінігі тереңінен қаралып, талқыланды.
Семинар соныңда имам-молдалар ойларында жүрген сұрақтарын қойып жауаптарын алды.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

