#Меркі ауданы: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жүргізілді

#Меркі ауданы: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінде әлемді алаңдатқан экстремизм мен терроризм мәселесі біздің еліміз үшін де шетін тақырып еместігі белгілі. Жүздеген ұлттар мен этностың, бірнеше дәстүрлі конфессиялардың басын қосқан еліміздің ерекшелігін теріс мақсатта пайдаланғысы келетін топтардың төбе көтермей қалмасы да айқын.

Меркі ауданы, Жамбыл ауылы әкімшілігінде елге қызмет көрсетіп жүрген азамттар шақырылып жиналыс болып өтті. Жиналысқа аудан бас имамы Қанат Талғатұлы, жергілікті әкім Ербол Байболсынұлы және де түрлі сала өкілдері қатысты.

Жиында өскелең ұрпақты жат ағымның жетегінен қалай аман алып қаламыз деген мәселе қарастырылды.

Қанат Талғатұлы жас ұрпақты жат ағымның жетегінен дұрыс Ислами білім, дұрыс тәрбие, салт-дәстүрімізді терең білу арқылы аман алып қала аламыз, сол үшін бала-шағамыз қайдан білім алып жүр, кімдермен дос болып жүр, отбасында қандай тәрбие көріп жүр соған баса маңыз беруіміз керек деді.

Жиын соңында, жиылған жамағаттың сұрақтарына жауап беріліп, дұға жасалды.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қазметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: