Талас ауданының бас имамы, Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Жалғас Дуйсенбайұлы және Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Жанұзақ Рысбекұлы Аққұм ауылдық округінің мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен "Әлеуметтік желідегі Радикалды діни көзқарастан жастарды қорғау" тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан имамы сөз бастап, ауыл тұрғындарының діни ахуалымен жалпы халықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, теолог маман сөз алып әлеуметтік желіде жастарды, оқушыларды ата- аналары қадағалау керектігі түсіндірілді.
Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер" туралы заңында айтылған дінге байланысты мемлекеттің саясаты баяндалды. Іс- шараға ауыл ақсақалдары, қоғам белсенділері мемлекет қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер қатысты. Алма-кезек сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Қараша 2025
17 Джумада-авваль 1447

